Қызылордада жыл басынан бері 45 велосипед ұрлығы тіркелді
Қызылордада жыл басынан бері 45 велосипед ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күнделікті өмірде велосипедпен жүру дағдыға айналып келеді. Спорт пен қажеттілікті қатар атқаратын екі дөңгелекті арбаның құны да қымбаттап тұр. Сондықтан болар қаламызда жыл басынан велосипед ұрлығы бойынша 45 қылмыстық іс тіркелген.
Мысалы, 21 маусымда жергілікті тұрғын полицияға жүгінген. Жәбірленушінің айтуы бойынша, қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің подъездінде тұрған велосипедін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Осы істің барысында полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен кәсіби шеберлігінің арқасында күдікті анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағына (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.