Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда жас қыз телефон тауып алып, банктегі ақшасын жаратып жіберген

Түркістанда жас қыз телефон тауып алып, банктегі ақшасын жаратып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол күндізгі уақытта облыс орталығында орналасқан сауда орталығының бірінде өзіне тиесілі “Samsung А-21” маркалы ұялы телефонын жоғалтып алған. Ал келесі күні белгісіз біреу жоғалтқан ұялы телефондағы банктің мобильдік қосымшасы арықылы ақшасын рұқсатсыз қолданып, түрлі төлемдер жасап жүргенін біліп, полицейлерге шағымданды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Бұл ұрлық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді. Соның нәтижесінде 3-4 сағат ішінде күдіктінің жеке-басы анықталып, ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті жас қыз жәбірленушінің ұялы телефонын тауып алып, тез арада оңай олжасын қалтасына салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Осылайша күдіктінің үйінен айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы “қолхатта”.  Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру