Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада колледж бітірген 70 сотталғанға диплом табысталды

Қызылордада колледж бітірген 70 сотталғанға диплом табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 маусымда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде техникалық білім туралы диплом табыстау рәсімі өтіп, 70 сотталған С. Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжін, Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжін және М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық кәсіптік колледжін бітіргендігі жайлы дипломдар алды. Оның ішінде 20 сотталғанға ағаш ұстасы, 22 дәнекерлеуші, 23 адамға тігінші біліктіліктері берілді.

Мәселен, түзеу мекемесінде жазасын өтеуші Я. есімді сотталған адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы 2-бөлігі, 179-бабы 3-бөлігімен сотты болған. Алайда жасаған іс-әрекетіне өкініп, босап шыққаннан кейін қоғамға өз пайдасын тигізетін адам болып қалыптасуды мақсат етеді. Осы мақсатта М. Ықсанов атындағы политехникалық колледжінде білім алып, газбен және электрмен дәнекерлеуші біліктілігін алып шықты.

Мекеме бастығының орынбасары Ж. Есмахановтың айтуынша, барлық диплом алған сотталғандар жұмыспен қамтылуда. Қазіргі таңда ЗК-169/5 мекемесінде тігін цехі жұмыс жасайды және түрлі металл өнімдерін, кірпіш, пескоблок, газоблок өндіретін желі іске қосылған. Алдағы оқу жылында осы мамандықтармен қоса “бояушы-сылақшы”, “автомашина жөндеуші” мамандықтарын оқыту да қарастырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру