Аялдамада тұрғыннан телефон ұрлап кеткен шымкенттік анықталды
Аялдамада тұрғыннан телефон ұрлап кеткен шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 30 маусымында Қаратау АПБ-на «102й нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Онда ол қоғамдық көлікке отырып, аялдамадан түскен кезінде құны 70 000 теңге тұратын «Redmi-8» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Жедел басқару орталығының бейнекамерасы арқылы ұрлық жайтына қатысы бар жергілікті жердің тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.