Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер 10-нан астам түп сора еккен ер адамды ұстады

Түркістандық полицейлер 10-нан астам түп сора еккен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі есірткі өсірумен айналысады деген хабарлама келіп түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) тіркелді.

Осы хабарлама түскен сәттен бастап тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнына Ордабасы АПБ-нің жедел тергеу тобы шықты. Олар бірден ақпараттың растығын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларына кірісті. Күдікке ілінген ер адамның тұрғын үйін тиянақты тексеру барысында ауласында баптап егілген 10 түп есірткі заты анықталып, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Сондай-ақ сараптама тағайындалып, нәтижесінде алынған түптер 105 грамм “сора” есірткі заты болып шықты.

Тұрғын аталған есірткіге ұқсас өсімдікті егіп-өсіргенін толығымен мойындайды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің бас шарасы “қолхатта”.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру