ШҚО-да павлодарлық ер адам танысының көлігін айдап кетті
ШҚО-да павлодарлық ер адам танысының көлігін айдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың маусым айыгың басында Алтай қалалық ПБ «102» жедел арнасына 37 жастағы ер адам оның қалада тұрған гараждан белгісіз тұлға ағымдағы жылдың мамыр айының соңында 1 300 000 теңгеге сатып алған LADA Priora автокөлігін ұрлап кеткенін айтқан.
Жедел-іздестіру жұмыстары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ұрланған көлікті Гэсовская көшесіндегі жол бойындағы орман алқабынан тапқан, көліктің рөлінде Павлодар қаласының тұрғыны – 37 жастағы ер адам болған.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.