Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да павлодарлық ер адам танысының көлігін айдап кетті

ШҚО-да павлодарлық ер адам танысының көлігін айдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың маусым айыгың басында Алтай қалалық ПБ “102” жедел арнасына 37 жастағы ер адам оның қалада тұрған гараждан белгісіз тұлға ағымдағы жылдың мамыр айының соңында 1 300 000 теңгеге сатып алған LADA Priora автокөлігін ұрлап кеткенін айтқан.

Жедел-іздестіру жұмыстары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ұрланған көлікті Гэсовская көшесіндегі жол бойындағы орман алқабынан тапқан, көліктің рөлінде Павлодар қаласының тұрғыны – 37 жастағы ер адам болған.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру