Шымкентте көлігінің терезесін күңгірттеп алған жүргізуші ұсталды
Шымкентте көлігінің терезесін күңгірттеп алған жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 2 шілдесінде Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің инспекторлары рейд өткізді. Іс-шараның мақсаты – жүргізушілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының санын төмендету.
Рейд барысында автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған жүргізуші ұсталды.
Құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.