Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ақшаңды еселеп қайтарамын”: шымкенттік тұрғын 250 мың теңгесінен айырылды

Шымкенттік полицейлер қаржысын еселеп қайтарамын деп, алдап соққан алаяқты бір тәуліктің ішінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 1 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, танысы ұялы телефонына хабарласып, бастапқы жарна ретінде 250 мың теңге салып бес миллион теңге алуға болатынын айтып сендіріп, 250 мың теңгесін өзінің шотына аудартып, ақшаны қайтармай, алдап кеткенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады.

Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру