Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртау қаласында интернет-алаяқ қала тұрғынының атынан 600 мың теңгеге несие рәсімдеген

Теміртау қаласында интернет-алаяқ қала тұрғынының атынан 600 мың теңгеге несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 шілде күні Қарағанды облысы Теміртау қалалық Полиция басқармасына 24 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне алаяқтың құрбаны болғанын айтып, белгісіз біреу оның жеке деректерін пайдаланып, ұялы телефон арқылы 585 мың теңге несие рәсімдегені туралы шағымданған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру