Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантинде жұмыс істеген ойынхана анықталды

Шымкенттік полицейлер карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша мобильді топпен бірлесіп күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті рейд барысында Еңбекші ауданының тәртіп сақшылары Теріскей шағынауданы Рысқұлов көшесінде орналасқан компьютерлік ойынхана карантин талаптарын сақтамай, жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Аталған ойын-сауық мекемесінің жұмысшылары келушілерге медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен. Сондай-ақ, ойынхана “Ashyq” бағдарламасына тіркелмегендігі анықталды. Жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен тиісті шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сонымен қатар, ойынхана ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталды. Аталған жайт бойынша мекеме әкімшісіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру), ал жасөспірімдердің ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындарды карантин режимін сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру