Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қарағандылық жеке кәсіпкердің ұрланған ұялы телефонын санаулы уақытта тауып берді

Полицейлер қарағандылық жеке кәсіпкердің ұрланған ұялы телефонын санаулы уақытта тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 шілде күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 33 жастағы жеке кәсіпкер арызбен шағымданып, белгісіз біреу оған тиесілі жеміс-жидек сататын орыннан ұялы телефонын ұрлап кеткені туралы хабарлады. Полиция қызметкерлері күдіктінің ұрлық жасауға кілт таңдау арқылы кіргені және қылмыстың түнгі уақытта болғанын анықтады. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат анықталып ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру