Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері Көкшетауда бопсалаумен айналысқан қылмыскерді ұстады

«Заңсыз келуші» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақмола полицейлері Көкшетауда бопсалаумен айналысқан қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Заңсыз келуші» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 25 жастағы бірқатар қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.

Облыс орталығының аумағында іздестірілуші жергілікті тұрғынға қатысты бопсалаумен және қорқытып алумен айналысқан. Жәбірленушіден полицияға арыз ағымдағы жылдың 8 шілдеде келіп түсті, ер адам бұрын таныс болған адам екі ай бойы бопсалау арқылы одан 800 мың теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағанын хабарлады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі процессуалдық бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру