Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жұмысқа тұрғызамын»: жаңаөзендік тұрғын 651 мың теңгесінен айырылды

Жаңаөзендік алаяқ жұмысқа тұрғызамын деген уәдемен жергілікті тұрғыннан 651 мың теңге ақша алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы жергілікті тұрғынның өтініші бойынша 26 жастағы азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады, ол бір кәсіпорынға жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде беріп, 651 мың теңге көлемінде ақша қаражатын иемденді.Аталған факті ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, тергеу жалғасуда.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті, азаматтарды алаяқтық жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты сақ болуға шақырады!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру