Шымкентте тұрғынды тонау сәті бейнекамераға түсіп қалды
Шымкентте тұрғынды тонау сәті бейнекамераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 12 шілдесінде сағат 02:18-де Еңбекші АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу үйінің алдында өзіне тиесілі құны 396 мың теңге тұратын «IPhone 12» маркалы ұялы телефонын сатып алмақшы болып, көрсету барысында ашық түрде тартып алып, оқиға болған жерден бой тасалағанын көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Шымкент ҚПД ЖПҚ ППП 6-рота 886-автоэкипаж және Еңбекші АПБ түнгі топ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жедел басқару орталығының бейнекамерасы арқылы Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, басқармаға жеткізді.
Ұсталған ер адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.