Теміртаулық полицейлер кәсіпорын аумағынан металл ұрлаған екі ер адамды анықтады
Теміртаулық полицейлер кәсіпорын аумағынан металл ұрлаған екі ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 шілдеде Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қала кәсіпорындарының аумақтарынан ұрлықтың алдын алу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Шамамен 3:30-да кәсіпорындардың бірінің аумағында жүрген көлікті байқаған полиция қызметкерлері тексеруге тоқтатқан.
Көлікте 32 және 31 жастағы екі ер адам болған. Автокөлікті тексеру кезінде полицейлер құжаттары жоқ қара металл сынықтарын тапты. Ұсталғандар кәсіпорын аумағынан темір сынықтарын ұрлағандарын мойындады.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.