Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаштық полицейлер әйелді тонаған күдіктіні “ізін суытпай” қолға түсірді

Балқаштық полицейлер әйелді тонаған күдіктіні “ізін суытпай” қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 шілдеде Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне, қаладағы ықшамаудандардың бірінде тонау болғаны туралы хабарлама түсті.

Жәбірленуші 30 жастағы әйел өзінің пәтерінде ер адам күш қолданып, ұялы телефонын алып, қашып кеткенін айтып шағымданды. Келтірілген шығын мөлшері 117 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдікті – 33 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұялы телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру