Бұрын бірге тұрған әйелін қорқытқан ақмолалыққа қатысты іс қозғалды
Ақмолада бұрын бірге тұрған әйелін қорқытқан тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола полицейлері тұрақты негізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізеді.
Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде Көкшетау қаласының Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 41 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Әйел облыс орталығының бұрынғы тұрғыны 32 жастағы ер адам оны дене жарақатымен қорқытқанын хабарлады. Аталған факті бойынша тергеу бөлімі ҚР ҚК 115-бабы (Қорқыту) бойынша сотқа дейінгі іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Жалпы, 2021 жылдың басынан бастап учаскелік полиция инспекторлары 496 құқықбұзушыны, оның ішінде денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 356 адам және тұрмыста ұрып-соққаны үшін 161 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар отбасылық салада құқықбұзушылар тарапынан бірге тұратын адамдарға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жол бермеу үшін ақмола полицейлері жыл басынан бері 1 924 қорғау нұсқамасын шығарды.