Атырауда бірнеше мәрте велосипед ұрлаған қала тұрғыны ұсталды
Атырау қаласы Полиция басқармасының №1 қалалық полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен «Велосипед» 12-16 шілде аралығында қала аумағында жедел-профилактикалық іс-шарасын өтуде.
Іс-шара кезінде көпқабатты үйлердің дәліздерінен бірнеше мәрте велосипед ұрлаған ер адам анықталып, ұсталды. 26 жастағы қала тұрғынына ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктіге қатысты 11 қылмыстық іс тіркеліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ заттар толықтай тәркіленді.