Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері екі жасөспірім апалы-сіңліні іздеп тапты

Петропавл полицейлері екі жасөспірім апалы-сіңліні іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 шілдеде түнгі сағат 23-50-де «102» жедел арнасына 14 және 16 жастағы кәмелетке толмаған апалы-сіңлілер үйден кетіп, осы күнге дейін оралмағаны туралы қоңырау түсті. Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің Қызылжар ауданының Затон ауылында болғанын анықтады. Барлық қызметтер: қылмыстық, ювеналдық полиция және патрульдік полиция батальонының қызметкерлері апалы-сіңлілерді іздеуге бағытталды. Еріктілер, сонымен қатар қыздар оқитын мектептің әлеуметтік педагогтары да көмекке келді.

Полицейлерге белгілі болғандай, отбасының үлкен қызы бұған дейін бірнеше рет үйден кетіп жүрген. Қазіргі уақытта «саяхатшылардың» Алтынсарин көшесіндегі пәтерлердің біріне табан тірегені анықталды. Олар досының үйінде болған.

– Іздеуге жарияланған кәмелетке толмағандардың басым көпшілігі көп жағдайда үлкендердің сөзіне құлақ аспай, үйден қашып кетеді. Мұндай жауапсыздық, әрине, ювеналдық полицияның, жедел уәкілдердің жұмысына қосымша жүк артады. Көбінесе, жасөспірімдер ата-аналарын ескертуді жөн санамай, достарымен бірге уақыттарын өткізеді, – дейді Петропавл қаласы Полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы Бекзат Чистобаев.

Жыл басынан полицейлер барлығы із-түссіз жоғалған 67 жасөспірімді іздеп тапты. Көбінесе олар бір тәулік ішінде табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру