Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері балалардың бос уақыттарын ұйымдастыру қажеттігі туралы ескертті

СҚО полицейлері ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларының бос уақыттарын ұйымдастыру қажеттігі туралы ескертті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Жолда қабылдау” акциясы аясында Полиция департаменті қызметкерлерімен әлеуметтік желілерде өткізілген екі тікелей эфир кезінде әлеуметтік желі қолданушыларынан 30-дан астам сұрақ келіп түсті. Жергілікті полиция қызметі, көші-қон қызметі, әкімшілік полиция – желі қолданушыларымен өткен онлайн-диалогқа барлық жетекші қызметтердің басшылары мен тәжірибелі қызметкерлер қатысты. 
Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторлары, ювеналдық, патрульдік полиция, сондай-ақ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының жұмысына жетекшілік жүргізеді. Басқарма бастығының орынбасары полиция майоры Александр Розбах облыс аумағында шілденің 5-і мен 14-і аралығында “Түнгі қаладағы балалар” операциясының өткізілгені туралы атап өтті. Іс-шараның 10 күнінде полицияға 325 кәмелетке толмаған жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жүруінің 308 фактісі анықталды.
Александр Розбах іс-шара барысында тек бұзушылықтарды анықтау ғана емес, басты мақсат – жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

– Жазғы демалыс кезінде ата-аналарды балаларына баса назар аударуды сұраймыз, балалар кешкі сағат 23-тен кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүрмеуі үшін олардың бос уақыттарын ұйымдастыру қажет. Үйірмелер мен секцияларға жіберген жөн. Бұдан бөлек, балалардың сауықтыру лагерлері жұмыс істейді. Сауықтыру лагерлерінде полиция қызметкерлері кезекшілік атқарады, – деді Александр Розбах. 

Елге кіру және шетелге шығу тақырыбы бойынша бірқатар сұрақтар келіп түсті, СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов сұрақтарға жауап берді. Әкімшілік тәжірибе бөлімінің жұмыс желісіне қатысты цифрландырудағы жаңашылдықтар туралы СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Бекен Тағилов айтып берді. СҚО Полиция департаменті азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы Құрман Мусин атқарылған жұмыстармен бөлісті. Облыс аумағында 6 айдың ішінде “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы төрт рет өткізілген. Түрлі бұзушылықтар үшін 635 қару иесі жауапқа тартылды. Сондай-ақ, тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыру бойынша акция өткізілген, нәтижесінде ішкі істер органдарына 28 қару тапсырылған.

“Жолда қабылдау” акциясының жарты күнінде қалалық және аудандық бөліністердің полицейлеріне 100-ден астам түрлі сұрақтар келіп түскен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру