Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түйені қағып, ЖКО орнынан кетіп қалған атыраулық анықталды

Түйені қағып, ЖКО орнынан кетіп қалған атыраулық жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 шілде күні сағат таңғы 05:00 шамасында Атырау-Орал тас жолы бойынан Алмалы ауылы бағытына қарай келе жатқан маркасы Ваз 21101 автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қадағаламай, түйе малына соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалғандығы анықталыды.

Соққы салдарынан түйе малы оқиға орнында мерт болған.

Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде аталаған автокөліктің 59 жастағы жүргізушісі анықталып, оған қатысты іс-құжаттар жинақталып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру