Зейнеткердің есепшотынан 2 млн теңгеге жуық ақша шешіп алған қарағандылық ұсталды
Зейнеткердің есепшотынан екі миллион теңгеге жуық ақша шешіп алған қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 шілдеде 72 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне жүгінді. Зейнеткер белгілі бір адам өзінің жеке шотынан бір миллион 700 мың теңге алып қойғанын түсіндірді.
Полиция бұл қылмыстың мән-жайын анықтады. Зейнеткер пансионатта тұрып, пәтерін қалаған адамдарға жалға беріп жүрген. Қаладағы ұялы телефон сататын сауда үйлердің бірінде кездесуге келген ер адам зейнеткердің ұялы телефонды жақсы білмейтіндігін пайдаланып, қосымша бағдарламалар жазып беремін деп сылтауратып жеке есепшотындағы бір миллион 700 мың теңгені шешіп алған.
Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) дейін қылмыстық іс қозғады. Полиция жәбірленуші тек есімімен білетін күдіктіні іздей бастады.
15 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдіктінің айтуынша, зейнеткердің ұялы телефонын алғаннан кейін ол тиісті қосымшаны орнатқан, оның көмегімен ол жерде бар қаражатты жәбірленушінің жеке шотынан алып тастаған.