Қызылордада мотоцикл жүргізушілері тарапынан ЖҚЕ бұзудың 300-ден астам дерегі тіркелді
Қызылордада мотоцикл жүргізушілері тарапынан ЖҚЕ бұзудың 308 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аумағында мотоцикл құралдарының қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу, оның ішінде мас жүргізушілерді анықтау мақсатында ағымдағы жылдың шілде айының 13-17 күндері «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында барлығы мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 308 дерегі, оның ішінде мотокөлік құралдары арқылы түнгі тыныштықты бұзудың ҚР ӘҚБтК-нің 437 бабы бойынша – 13, техникалық ақауы бар мотокөліктің ҚР ӘҚБтК-нің 590,5-бабы бойынша 19, заңсыз қайта жабдықтаудың 590,7-бабына сәйкес – 13, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген 590,9-бабы бойынша – 30, мотошлем пайдалану жөніндегі талаптарды бұзудың 593-бабына сәйкес – 65, маневр жасау қағидаларын бұзу 595-бабына сәйкес – 22, авариялық жағдай туғызудың 606-бабы бойынша – үш, тиісті құжатсыз мотокөлік басқарудың 612,1-бабы бойынша 56, мас күйінде мотокөлік басқарудың 608-бабы боойынша – екі, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарудың 346-бабы бойынша екі дерегі анықталып, 62 мотокөлік айып алаңдарына қойылды.
Мысалы, 14 шілде сағат 11:30 шамасында Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылының орталық көшелерінің бірінде сол ауылдың тұрғынының көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра алкогольді масаю күйінде мотокөлігін басқарып келе жатқандығы анықталды.
Қазіргі таңда мотокөлік жүргізушісінің іс-әрекеті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес қылмыстық теріс қылық ісі қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.