Қыздың ізіне түскен петропавлдық қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Қыздың ізіне түскен петропавлдық қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қ. ПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобына 25 жастағы жалғызбасты ана жүгінген. Оның айтуынша, бұрынғы жігіті 13 шілдеге қараған түні пәтердің әйнегін сындырып, тұрғын үйге заңсыз басып кіріп, жанжал шығарған. Белгілі болғандай, ол қызды ұзақ уақыт бойы аңдып жүрген. Құқық бұзушы, бұрын сотты болған 24 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы 2-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша материал жиналып, жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік көзделген. Сәуір айында жас жігіт аталған бап бойынша басқа бір қыздың ізіне түскені үшін жауапқа тартылған.
– Сот ұсақ бұзақылық фактісі бойынша құқық бұзушыға 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады, — дейді ӘЗЗҚТ аға инспекторы Айнұр Жақыпова. — Бұдан бөлек, тұрғынжайға заңсыз басып кiру фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабы 2-бөлігі (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Абьюздің барлық құрбандарына өз проблемаларыңызды жасырмауға шақырамыз. Учаскелік инспекторларға, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлініске, 102 арнасына хабарлаңыздар немесе 102 мобильді қосымшасын пайдаланыңыздар. Әр сигнал тіркеліп, олар бойынша заңнама шеңберінде құқық бұзушылардан қорғауға бағытталған шара қабылданады.