Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантиндік талаптарды сақтамай, жұмыс істеген медресе анықталды

Шымкенттік полицейлер “Құрбан айт” мерекесінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша рейд өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жүргізілген рейд барысында Шымкент қаласы, Тассай шағынауданы Ш.Уәлиханов көшесі 34 үйде орналасқан медресе карантиндік талаптарды сақтамай, жұмыс жасап жатқанын анықтады. Медресе құрбандық шалу рәсімін өткізіп, адамдарды қабылдаған.

Сонымен қатар нысан қызметкерлерінің бір реттік бетпердені тақпағандары да белгілі болды.

Медресе әкімшілігінен түсініктеме алынды.

Айта кетейік, қала аумағындағы рейдтік шаралар күшейтілген күн тәртібіне сай қолға алынған. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мен аудандық әкімдік өкілдерінен жасақталған мобильді топ өкілдері карантин талаптарының сақталуын қатаң қадағалап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру