Апаттық жағдай тудырған атыраулық әйелге айыппұл салынды
Атырауда апаттық жағдай тудырған көлік жүргізушісіне айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол ережесін қасақана бұзған 30 жастағы әйел анықталды.Ол туралы бейнежазба әлеуметтік желілердің бірінде жарияланған болатын.
Ол 21 шілде күні сағат 10:30 шамасында Армения Республикасында тіркелген Nissan Tida автокөлігімен Азаттық-Досмұхамбетов көше қиылысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, бір бағытта келе жатырған жүргізушілерге апаттық жағдай туғызған.
– Аталған азамашаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабының 1-бөлімімен (Басқада жол жүрісі қатысушыларына апаттық жағдай туғызған) әкімшілік хаттама толтырылып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды. Одан басқа ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 2-бөлігімен (Көше қиылысынын өту және басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, қысқартылған түрде 21 877 теңге көлемінде айыппұл салынды, – деді Патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сәрсенбаев.