Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда айыппұл төлемеген 42 шетелдік автокөлік айыптұраққа қойылды

Атырауда бір аптада айыппұл төлемеген 42 шетелдік автокөлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12-18 шілде аралығында қала аумағында патрульдік полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес төленбеген айыппұлдары бар 42 автокөлік анықталды.

Анықталған автокөліктердің 36 Ресей, төртеуі Армения елінен әкелінген автокөліктер болса, бір көлік Қырғызстан елінен әкелінген.

– Аталған автокөліктер жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тиым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғандары үшін «Сергек» аппаратты бағдарламалық кешендеріне түскен, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Мысалы, 20 шілде күні сағат 22:30 шамасында орталық көпір тұсында патрульдік полиция қызметкерлерімен 31 жастағы ер адамның басқаруындағы Армения елінде тіркеуде тұрған Mercedes маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеріс барысында аталған автокөліктің 320 870 теңгені құрайтын төленбеген 11 айыппұлы бар екендігі анықталып, автокөлік
ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнаулы тұраққа қойылды.

Осыған байланысты полиция Атырау қаласының тұрғындары мен қала қонақтарынан өздеріңізге салынған айыппұлдарды уақытылы төлеп, төленген түбіртектеріңізді Полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөліміне тапсыруларыңызды сұрайды.

Мекен-жайы: Атырау қаласы, Нұрсая м/а, Әбілхайыр хан даңғылы 55, «Полиция» ғимараты, 2 және 3 терезе. Байланыс телефондары: 98-23-06, 98-23-26.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру