Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе тұрғыны алаяқтың құрбаны болды

Ақтөбеде алаяқтық жолмен бөтен мүлікті иемденген 32 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 29 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Оған ер адам жер учаскесін арзан бағамен сатып алуға көмектесуге уәде берген. Бірақ ақша алғаннан кейін ол қашып кеткен. Залалдың жалпы сомасы 400 мың теңгені құрайды.

Полиция қызметкерлерімен 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру