Байқоңыр ғарыш айлағында үш ұры қылмыс үстінде ұсталды
ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігіне Байқоңыр ғарыш айлағындағы мекемеге тиесілі ғимарат ішінде белгісіз біреулердің жүргені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы мекемеге тиесілі ғимарат ішінен 64 дана кабельдің үзіндісін ұрлауға оқталған үш ер адамды ұстады. Ұсталғандардың біреуі 57 жастағы ауыл тұрғыны, екеуі 39 және 33 жастағы кент тұрғындары екені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігіне және 188-баптың 3-бөлігіне сәйкес (Ұрлыққа оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.