Талдықорғанда 23 жастағы қыз аяқ киімге телефон тығып түрмеге өткізбек болды
Талдықорған қаласының ЛА-155/16 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанға 23 жастағы бойжеткен "L8star" маркалы ұялы телефонын және SIM-картасын беруге тырысты.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті алдын алынды.
Сәлемдемелерді тексеру кезінде тыйым салынған заттар табылып, тәркіленді.
- Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жиналды, - деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.