Талдықорған тергеу изоляторына ер адам есірткі заттарын өткізбек болды
Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/16 тергеу изоляторына ер адам есірткі заттарын өткізуге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адам Талдықорған қаласының ЛА-155/16 мекемесіне есірткі заттарының үш түйірін өткізбек болды.
Сәлемдемелерді тексеру кезінде тергеу изоляторының қызметкерлері Алматы облысы полиция департаментінің кинологиялық қызметімен бірлесіп тыйым салынған заттарды өткізу фактісінің алдын алды.
– Анықталған факті бойынша Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы шақырылып, ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша А-ға қатысты қылмыстық іс басталды, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.