Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да аудандық полицейлер бірқатар велосипед ұрлығын жасауда күдіктіні анықтады

СҚО-да аудандық полицейлер бірқатар велосипед ұрлығын жасауда күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Уәлиханов ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар велосипед ұрлығына күдікті аудан орталығы Кішкенекөлдің 34 жастағы тұрғынын ұстады.

Аудандық полицияға Кішкенекөл ауылындағы жер үйлерінен велосипедтер ұрланғаны туралы бірден бірнеше арыз келіп түскен. Ұрлықтың жасалуы белгісіз болған: ұрлық түн жарымда жасалғандықтан, куәгерлер болмаған, қылмыскер де ешқандай із қалдырмаған. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгенімен, еш нәтиже шықпаған.

Уәлиханов ауданы полиция бөлімі бастығы Руслан Әлижановтың айтуынша, криминалдық полицияның кешенді жұмысы өз нәтижесін көрсетті. Кезекті велосипедтің ұрлығына күдікті ескі зираттың маңында орналасқан аудан орталығының өндірістік аумағында ұсталды. Күдікті бұрын істі болмаған 34 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Жедел-тергеу әрекеттері барысында ол ұрланған барлық велосипедтерді зират басында жасырғаны белгілі болды. Кейін оларды бөлшектеп, катафот пен басқа да бөлшектерін мотоцикліне жаратқан. Ауыл тұрғыны ұрлық жасамас бұрын әр велосипед пен иелерін ұзақ зерделегенін атап өтті. Иттері жоқ аулаларды таңдаған. Өзінің әрекетін түн жарымда жүзеге асырған. Дей тұрғанымен, полицейлермен әшкереленіп ұсталды. Бүгінгі таңда орын алған барлық 11 велосипед ұрлығы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Полицейлер облыс тұрғындарын мүліктеріне сақ болуға, мүмкін болған жағдайда екі дөңгелекті көлікті гаражға қоюға, айдап әкетуге қарсы сапалы құрылғыларды пайдалануға, ұрлық орын алған жағдайда, шүғыл «102» нөміріне хабарласуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру