Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құрылыс жабдығын ұрлады деген күдікпен 33 жастағы петропавлдық ұсталды

Полицейлер қала маңындағы үйден құрылыс жабдығын ұрлады деген күдікпен 33 жастағы петропавлдықты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қала маңындағы ауылда салынып жатқан үйден құрылыс жабдығын ұрлауды ашты.
Қызылжар ауданының ПБ кезекші бөліміне Тепличное ауылында салынып жатқан үйден белгісіз адамдар құрылысқа қажетті қада қағатын құрылғының аккумуляторы мен гидромоторын ұрлағаны жайлы арыз түскен. Ұры пластик терезені бұзып үйге кірген. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүрігізіп, нәтижесінде ұрлық жасауда күдікті 33 жастағы Петропавл тұрғынын ұстады. Ұрлық жасағанға дейін екі күн бұрын ол Тепличноеда спирттік ішімдік ішкені белгілі болды. Ауылды аралап жүрген уақытта ешкім түнемеген, салынып жатқан үйге көзі түскен. Оңтайлы күнді таңдап, қараңғы түскенін күтіп үйдің ішіне енген. Оның айтуынша, ұрланған заттарды көлік жалдап Петропавлға апарып, кейін оларды сатқан.

Аталған факті ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Полицейлер облыс тұрғындарын өз мүлкін сақтауға жауапкершілікпен қарауға: аулада ит ұстауға, мүмкіндігінше бейнебақылау камераларын қоюға, сондай-ақ жеке меншік аумақта бөгде адамдардың жүргені жайлы полицияға жедел хабарлайтын көршілермен достық қарым-қатынаста болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру