Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаудың екі тұрғыны дүкендегі кезекке таласып, жанжал шығарды

Теміртаудың екі тұрғыны дүкендегі кезекке таласып, жанжал шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 шілдеде Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне сауда нүктелерінің бірінің жанында қаланың екі тұрғыны жанжалдасып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Теміртау қаласының ПБ Патрульдік полиция батальонының жасағы жетіп, мән-жайды анықтады.

Жәбірленуші – 37 жастағы әйел, дүкенде келушілердің бірімен ұрысып қалған. Жанжал көшеде жалғасып, күдікті жәбірленушіге дене жарақатын тигізіп, көзілдірігі мен ұялы телефонын сындырып тастаған.

Патрульдік полиция қызметкерлері күдікті – 24 жастағы әйелді ұстады. Ол кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру