Бөтеннің үйіне заңсыз кіріп, бағалы алтын бұйымдарын ұрлап кеткен шымкенттік құрықталды
Бөтеннің үйіне заңсыз кіріп, бағалы алтын бұйымдарын ұрлап кеткен шымкенттік құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу үйіне терезе арқылы заңсыз кіріп, жалпы құны 815 000 теңгені құрайтын алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлық жасаған тұрғынды анықтап, тиісті басқармаға жеткізді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.