Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ресто-барда тікелей эфир жүргізген: Нұр-Сұлтанда карантинді бұзғандар жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтанда тойлау үстінде тікелей эфир жүргізген адамдар карантинді бұзғандары үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ағымдағы жылғы 1 тамызда Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан «Какие люди» ресто-бардың карантин режимін бұзғаны анықталды. Мониторингілеу тобы келген кезде ақпарат расталды.

Мекеме Бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауға тыйым салуына қарамастан, жұмыс істеген.

Ресто-бардың ішіндегі келушілер көңіл көтеріп, караокемен ән айтқан, санитарлық нормаларды бұзған. Сондай-ақ әлеуметтік желіге шығып, тікелей эфир жүргізген. Столдар жасалып тұрған және келушілерін күтіп тұрған.

Мекеме иесіне қатысты жиналған материал ҚР ӘҚБК 425-бабымен әкімшілік жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жолданды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, әкімдік қызметкерлерінен, волонтерлардан және полицейлерден құрылған мониторингілеу тобы карантин режимін анықтау бойынша рейдтік шараларды жүргізуді жалғастыруда. Азаматтар қолданыстағы қаулыға қарамастан, осы уақытқа дейін ойын-сауық мекемелерінен бас тартпай жатыр.

Мобильді топтар демалыс күндері 155 кәсіпкерлік объектіні тексеріп, 40 бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру