Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері заңсыз сауда жасаушыларды жауапқа тартты

Түркістан облысының полицейлері заңсыз сауда жасаушыларды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрақты түрде облыс көлемінде заңсыз сауда орындарында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Мысалы, сайрамдық сақшылар Манкент ауылының Айнабұлақ көшесі бойында белгіленбеген орында сауда-саттық жасап жатқандар жөнінде хабарлама алып, оқиға орнына тексеруге шықты. Нәтижесінде жергілікті тұрғынның бірі өзінің жүк көлігінен қарбыз сатып жатқаны анықталды.

Сонымен қатар келесі тұрғын өзіне тиесілі автокөлігінен сабан сатып жатқаны белгілі болып, әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Екі жайт бойынша да ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) бойынша хаттама толтырылды.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары заңсыз сауда жасау фактілерінің алдын алу мен жолын кесу бойынша саудагерлер арасында түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізуде.


Заңсыз сауда жасаушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі баптары түсіндіріліп, аудан аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керек екені ескертілді. Аудан аумағында бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп отырмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру