Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда 70 жастағы зейнеткерді алдап кеткен екі алаяқ әйел ұсталды

Жезқазғанда 70 жастағы зейнеткерді алдап кеткен екі алаяқ әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 шілдеде Жезқазған қаласының ПБ-на 70 жастағы ауыл тұрғыны хабарласып, алаяқтарға алданып қалғаны туралы айтып шағымданды. Зейнеткер банктердің бірінен несие алуды жоспарлаған. Оған көмектесуге екі әйел уәде беріп, несиені тездетіп алып беруге сендірген.  Алаяқтардың сөзіне сенген зейнеткер оларға тиісті құжаттарды береді. Бірақ жәбірленуші зейнеткер несиеге қол жеткізе алмаған. Көп ұзамай банкке 150 мың теңге көлеміндегі несие бойынша пайыз төлеу туралы хабарлама түседі.

Дәл сол күні Жезқазған қаласының маңындағы ауылдардың бірінің тұрғыны полицияға хабарласып, 150 мың теңгеге несие алып беруге уәде берген алаяқтарға тап болғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктілерді – 33 және 57 жастағы екі әйелді ұстады. Олар қылмысын мойындап, екі факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру