Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтаулық полицейлер «гастрольдік» ұрыларды Ақтөбеде ұстады

Ақтаулық полицейлер «гастрольдік» ұрыларды Ақтөбеде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 шілдеде сағат 12:00 шамасында Ақтау қаласының 30 шағын ауданында белгісіз адамдар жеке үйге терезе арқылы кіріп, 880 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарды ұрлап, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
12 шілде белгісіз біреулер Шығыс-2 шағын ауданындағы жеке үйдің екінші қабатындағы терезеден кіріп, алтын бұйымдар мен ақша қаражаты бар сейфті, қол сағаттарын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. Жалпы келтірілген залал құны 5 миллион теңгені құрады.
Аталған деректер ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.

19 шілде күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласы ПБ полиция қызметкерлерімен «гастрольдік» ұрылар Ақтөбе қаласында ұсталып, Ақтау қаласына жеткізілді.
Қазіргі уақытта мойындау айғақтары алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру