Қарағандыда полицейлер гараждағы ұрлықтың алдын алды
Қарағандыда полицейлер гараждағы ұрлықтың алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері қаладағы гараж алаңдарының бірінде жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Сағат 20:00 шамасында GAZelle автокөлігіне металл бұйымдарын тиеп жатқан екі адамның әрекеті күдікті көрінді. Полиция қызметкерлері – 26 және 28 жастағы екі ер адамды ұстады.
Анықталғандай, екі жігіт автокөлік бөлшектерін, құралдарды және басқа да металл бұйымдарын ұрлап, металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсыру үшін басқа біреудің гаражына кірген.
ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы бойынша (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Полиция гараждың иесін анықтауда.