Шахтинск тұрғыны көршісінің ауласынан металл ыдыстарды ұрлап кетті
Шахтинск тұрғыны көршісінің ауласынан металл ыдыстарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 шілдеде Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Анықталғандай, белгісіз біреу жеке үйдің ауласына кіріп, онда тұрған барлық металл ыдыстарды – бөшке, баспалдақ, құбыр, арбаның жақтауын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 42 мың теңгені құрайды. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері металл қабылдайтын жерлерді тексеру кезінде, олардың бірінен ұрланған заттарды тапты.
2 тамызда криминалдық полиция күдіктіні қолға түсірді. Бұл жәбірленушінің 43 жастағы көршісі болып шықты. Ол қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.