Шымкентте түн ортасынан кейін де жұмысын тоқтатпаған мейрамхана анықталды
Шымкентте түн ортасынан кейін де жұмысын тоқтатпаған мейрамхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданының полицейлері 2021 жылғы 4 тамызда Сайрам көшесі бойында орналасқан «Алма» мейрамханасы карантиндік талаптарды бұзып, түнгі 22:54-те келушілерді қабылдап, қызмет көрсеткенін анықтады.
Аталған мекеме «Ашық» бағдарламасына тіркелмей, қызметкерлер келген қонақтардың дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.
Осы жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.