Түркістан полицейлері пәтерге ұрлыққа түскен үшеуді ұстады
Түркістан полицейлері пәтерге ұрлыққа түскен үшеуді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Онда жәбірленуші ер адам түнгі уақытта өзінің жеке үйіне белгісіз адамдар заңсыз кіріп, сөреде тұрған 420 мың теңге ақшасын жасырын түрде ұрлап кеткенін жеткізді.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабымен тіркеліп, қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ұрлық қылмысы жайлы ақпарат алысымен полицейлер бірден әрекет етті. Ұрыларды ұстау үшін жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алып, жақын аумақтарды аралап шықты. Шардара АПБ КПБ-нің қызметкерлерінің атқарған жұмыстарының нәтижесінде аталған қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде үш жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.
Белгілі болғандай, күдіктілер ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген болып шықты. Бүгінгі таңда орын алған қылмыстарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдіктілер қолхатта.