Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікті басқару құқығынан бұрын айырылған маңғыстаулық мас жүргізуші ұсталды

Көлікті басқару құқығынан бұрын айырылған маңғыстаулық мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 27 шілде күні патрульдеу барысында жол полициясы қызметкерлері Мұнайлы ауданының 47 жастағы тұрғынының басқаруында болған Opel Vectra маркалы автокөлігін тоқтатты.

Көлік құралының жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Медициналық куәландыру нәтижелерімен орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғандығы дәлелденді.

 

Бұдан басқа, ұсталған ер адам осыған дейін де ұқсас құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2018 жылдың қазан айында Мұнайлы аудандық соты автомобильді басқару құқығынан үш жылға айырылған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жалғасуда.
– Көлікті мас күйінде басқаратын адам жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпті. Әрбір жүргізуші жолдағы жағдайды жіті бағалап, өзіне және айналасындағыларға қауіп төндірмеуі тиіс, – деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру