Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте түнде жұмыс істеп тұрған сауна анықталды

Шымкентте түнде жұмыс істеп тұрған сауна анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде.
2021 жылдың 12 тамызында түнгі сағат 23:30-да Шымкент қаласы Рысқұлов көшесінде орналасқан «Ақ жол» саунасы ашық түрде келушілерді қабылдап, карантин режимін бұзғаны анықталды.
Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген шектеулерді елемей жұмыс жасағандықтан, сауна әкімшілігінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес шара көру үшін жолданды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру