ШҚО полицейлері ұрланған малды иесіне қайтарды
ШҚО полицейлері ұрланған малды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Үржар АПБ-нің 102 жедел арнасына Егінсу ауылының 45 жастағы тұрғыны 2021 жылдың мамыр айының басынан мамыр айының ортасына дейінгі уақыт аралығында белгісіз адам Егінсу ауылының шетінде жайылып жүрген бір бас ірі қара малды жасырын ұрлап кеткені туралы арызданған. Шығын 300 мың теңгені құрады.Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 29 жастағы ер адамды анықтады, ол жауап алу кезінде мойындады. Мал тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.