Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер 50 адамды алдап кеткен алаяқты әшкереледі

Атыраулық полицейлер 50 адамды алдап кеткен бұрын сотты болған ер адамды әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының тұрғыны 50 адамға пәтер алып беремін деп бір миллионан астам теңгені қалтасына басқан. Ол OLХ желісі арқылы хабарландыру жариялап, республиканың бірнеше қалаларындағы тұрғындарға уәдесін беріп, алдын ала төлем жасатыпты. Кейін ер адам ізім-қайым жоғалып кеткен. Бұл туралы алданғандардың бірі атыраулық әйел күте-күте күдері үзілген соң полицияға хабарлама береді.
Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері алаяқты «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде анықтады. Тексеру кезінде Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғынының 50 эпизодтық қылмысы ашылған. Бұрын сотты болған ер адам өз кінәсін толықтай мойындады.
Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру