Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Anti-fraud” іс-шарасы: Жамбылда интернет-алаяқтықтың 27 жайты анықталды

Жамбылдық полицейлер “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес 2021 жылдың 9 тамызынан бастап республика аумағында “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу.

 

“Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасының төртінші күндік қорытындысы бойынша интернет-алаяқтықтың 27 жайты анықталып, ашылды.
Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен алаяқтық жасағаны үшін ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша мүлкi тәркiленiп, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы қарастырылған.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру