Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталған жастар арасында семинар-тренинг өтті

БҚО-да қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталған жастар арасында семинар-тренинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 тамызда Ақжайық ауданы Чапаев ауылында “Өркен” коворкинг орталығында Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен, еріктілермен бірлесіп 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне байланысты қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталған жастардың қатысуымен семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингке №1 Ақжайық аудандық Пробация қызметінде есепте тұрған 18-29 жас аралығындағы сотталғандар қатысты. Шара барысында Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бастамасымен №1 Ақжайық аудандық пробация қызметінде есепте тұрған Д. есімді сотталғанға қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүргені үшін алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру